Тұрғындардың арыз-шағымы негізінде Созақ ауданына қарасты жолдардың сапасына мониторинг жүргізілді

12 Наурыз, 2021 100 0

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті мен «Жол активтері ұлттық  сапа орталығы» РМК филиалы «Сапалы жол» жобасы аясында облысқа қарасты Созақ  ауданында жаңадан төселген жолдардың сапасына кешенді мониторингтік бақылау жұмыстары жүргізілді. 
       
Автомобиль жолдарын зерделеудің негізгі мақсаты - автокөлік жолдарының сапасы мен қауіпсіздігін арттыру және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қадағалау мен төселген жолдар сапасына қоғамдық бақылауды, сондай-ақ мердігер мекеменің жауапкершілігін күшейту.
            
Жол сапасын бақылау жұмыстарына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің аға офицері А.Талғатұлы, облыстық «Жол активтері ұлттық  сапа орталығының» зертхана меңгерушісі Д.Кешубаев, «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Е.Әдиат, аудандық «Тұрғын үй-коммуналдық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Д.Байзақов  пен   жауапты мердігер компанияның басшылары, аудан тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.  
        
Өңір тұрғындарының арыз-шағымы негізінде жүргізілген мониторинг жұмыстары барысында ауданның Созақ ауылына қарасты Амангелді, Сызған ауылдық округіне қарасты Алдасүгіров, Шолаққорған ауылына қарасты Әубәкіров, №30, №39, Жібек жолы  көшелерінің жол сапасы мен қауіпсіздігі бақыланып,   жылжымалы жол зертханалық көлігі арқылы жаңадан төселген асфальтбетон жамылғысынан кесінді сынамалар алынды.    

Бір күндік бақылау жұмыстарының нәтижесінде  Амангелді көшесінің асфальтбетон жамылғысында тегіссіздіктер,  Алдасүгіров көшесінің жол жамылғысында жарықтар және №30  көшесінің асфальтбетон жамылғысының беті шашылып,  шеті сынғандығы, сондай-ақ Жібек жолы көшесінің асфальтбетон жамылғысында отырулар пайда болғандығы анықталды.
      
Төселген жолдардан бірқатар ақаулар байқаған сала мамандары анықталған кемшіліктер бойынша мердігер мекемелерге акт түзіп, компания басшыларына қайта жөндеуден өткізу бойынша ұсыныстарын білдірді.  
    
Естеріңізге сала кетейік, Агенттіктің бастамасымен Түркістан өңірінде  қолға алынған  «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында облысқа  қарасты барлық қала/аудандара төселген жаңа жолдардың сапасы мен қауіпсіздігіне  тұрақты негізде бақылау жұмыстары жүргізілуде.

Тегтер: новости

Пікір қалдыру