Бадам ауылдық округінде адал қоғамды қалыптастыру бойынша жиын өтті

18 Наурыз, 2021 16 0

Бүгін облысқа қарасты Ордабасы ауданына арнайы жұмыс сапарымен барған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабайдың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы кезекті кездесуі Бадам ауылдық округі тұрғындары арасында өтті. 

Жиын барысында  М.Қарғабай халықпен сындарлы сұхбат құра отырып, көлеңкелі қылмыстың жолын кесу және оның болдырмау - мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екендігін жеткізіп, ел ертеңі үшін әділдік пен адалдықты биік қою қажеттігін атап өтті. 

Сондай-ақ, Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға енгізілген жаңашылдықтармен таныстырып, мемлекеттік қызметшілерге енгізілген бірқатар шектеулерді хабардар етті. 

Кездесу соңында жиынға қатысушылар тарапынан қойылған бірқатар  сауалдарға жауап берілді. 

Тегтер: новости

Пікір қалдыру