Заңнамаға енгізілген толықтырулар Шұбарсу ауылдық округінің тұрғындарына таныстырылды
18 Наурыз, 2021 23 0

Жиын барысында Мирас Асқарбайұлы 2020 жылдың соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қол қойған Заңға енгізілген жаңашылдықтармен таныстырып, пара алу, пара беру, делдал болу әрекеттеріне көрілетін жаза түрінің қатаңдатылғанын жеткізді.
Сондай-ақ, Агенттік тарапынан атқарылып жатқан негізгі жұмыстарға тоқталып өтіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның жолын кесу - әрбір ел азаматына жүктелген ортақ міндет екендігін тілге тиек етті.
Кездесу соңында ауыл тұрғындарының талап-тілегіне құлақ түріп, жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Тегтер: новости

Пікір қалдыру
КӨП ОҚЫЛҒАНДАР


