Сарыағаш ауданында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жиын өтті

18 Наурыз, 2021 101 0

Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша Сарыағаш ауданына арнайы жұмыс сапарымен келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы  Ерұлан Тұңғышбаев аудан әкімдігі қызметкерлері арасында ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Парасаттылық принциптері кең көлемде дәріптелген келелі жиынның негізгі мақсаты-  әділдік, айқын құндылықтарын ел ішінде кең көлемде насихаттау арқылы ел азаматтарының бойына адалдық қасиеттерін дарыту және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу.  

Алқалы жиында Е.Икрамұлы өткен жылдың 6 қазаны күні Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына енгізілген жаңашылдықтармен таныстырып,  бұдан былай азаматтық кодексте мемлекеттік қызметшілерге кез келген құнды сыйлықтарды сыйға тартуға тыйым салынғаны туралы ақпарат беріп, жиынға қатысушыларды  пара алу, пара ұсыну, делдалдық ету сынды парақорлық әрекеттерден аулақ болуға шақырды. 

Шара соңында сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша түйткілді сауалдар ортаға салынып, аудандық мемлекеттік мекеме басшыларының  ұсыныс-пікірлері тыңдалды.  

Тегтер: новости

Пікір қалдыру