Түркістан: Үшқайық ауылдық округінің тұрғындары адалдық құндылығына дәріптелді

18 Наурыз, 2021 671 0

Ағымдағы жылдың 15 наурыз күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы  Ерұлан Тұңғышбаев Кентау қаласына қарасты Үшқайық ауылдық округінде болып, әкімдік қызметкерлері мен ауыл тұрғындарына  ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Келелі жиынның негізгі мақсаты-  әділдік, ашықтық, туралық құндылықтарын ел ішінде кең көлемде насихаттау арқылы ел азаматтарының бойына адалдық қасиеттерін дарыту және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу.  

Ауыл тұрғындарымен жүздескен Е.Икрамұлы бармақ басты, көз қысты әрекеттердің жолын кесу мақсатында  Агенттікпен атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталып, өткен жылдың 6 қазаны күні Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына енгізілген жаңашылдықтармен таныстырды. 

Сондай-ақ,   бұдан былай азаматтық кодексте мемлекеттік қызметшілерге кез келген құнды сыйлықтарды сыйға тартуға тыйым салынғаны туралы ақпарат беріп, жиынға қатысушыларды  пара алу, пара ұсыну, делдалдық ету сынды парақорлық әрекеттерден аулақ болуға шақырды. 

Жиын соңында сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша өзекті сауалдар ортаға салынып, тұрғындардың талап-тілегіне құлақ түрілді.

Тегтер: новости

Пікір қалдыру