ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

09 Шілде, 2019 12 0

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімі болып ӨСЕРБАЕВ Әліпбек Шәріпбекұлы тағайындалды.

Әліпбек Шәріпбекұлы 1961 жылы 20 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм ауданында туған, білімі жоғары, біліктілігі инженер-химик-технолог.

1983 жылы Қарағанды асбест-цемент өнімдерін шығаратын зауытының машинисі ретінде еңбек жолын бастап, кейін осы кәсіпорында ауысым шеберінің дублері және ауысым шебері болып еңбек еткен.

1986 жылы Түркістан қаласы құрылыс детальдері мен конструкциялары комбинаты зертханасының инженері лауазымына қабылданып, кейін 1987-1999 жылдары аралығында цех бастығы, комбинаттың бас инженеріне дейінгі лауазымдарды атқарған.

1999-2005 жылдары «Қуат Суиндустрия» АҚ Түркістан қаласы рудасыз материалдар комбинаты филиалының директоры, «KazakhConstruction Industry» АҚТүркістан қаласы рудасыз материалдар комбинаты филиалының директоры лауазымдарында жұмыс атқарған.

2005-2014 жылдары Түркістан қалалық мәслихаты хатшысының міндетін уақытша атқарушы, Түркістан қаласы құрылыс бөлімінің меңгерушісі, Түркістан және Кентау қаласы әкімі орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

2014-2018 жылдар аралығында Түркістан қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымында қызмет еткен.

2018 жылдың маусым айынан бастап Түркістан қаласының әкімі лауазымында еңбек етіп келді.

Пікір қалдыру