Түркістанда бокстан турнирдің жеңімпаздары анықталды

«Біз нашақорлыққа қарсымыз!»

Фото:  Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Түркістан қаласында бокстан жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті, деп хабарлайды turkistanmedia.kz

Жарыс - «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» деген ұранмен Ауған соғысының ардагері Аппаз Мамраймовты еске алуға арналған. Додада Қызылорда, Ақтөбе, Жетісу, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Қызылорда облыстарымен қатар, Шымкент, Түркістан қалаларынан 11-12 жас аралығындағы 300-ге жуық спортшы бақ сынады. 

Жарыс қорытындысында 30 және 36 келі салмақтарда Арыс қаласының өрендері Нұрзат Серік пен Рамазан Наурызбай алтын медаль еншіледі. 70 келіде Жетісу облысының абыройын арқалаған Әлихан Пірімбетов қарсылас шақ келтірмеді. 80 келіден жоғарылар сынында түркістандық Ерасыл Бақытжан алтын медаль тақты. 

 Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Loading...