Саурандық тұрғын қайтарымсыз грантпен тігін цехын ашты

Қарамағымда 5 тігінші бар

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылының тұрғыны Лайло Нарметова тоғыз жылдан бері тігіншілікпен айналысып келеді, деп хабарлайды turkistanmedia.kz

Кәсібін дамыту мақсатында мемлекеттен 1 млн 380 мың теңге қайтарымсыз грант алып, тігін машиналары мен үтік сатып алған. Бүгінде Лайлоның шағын тігін цехы бар. Сондай-ақ, шебер жиі Түркістан облысындағы киім көрмелеріне қатысып тұрады.
«Мен үшін киімдердің сапасы маңызды. Оны халық үшін сапалы әрі қолжетімді етіп тігемін. Бүгінде мектеп формалары мен ұлттық және күнделікті киетін киімдерге тапсырыс қабылдап жатырмын. Одан бөлек, ерлерге арналған киімдерді де тігемін. Қарамағымда 5 тігінші бар. Алдағы уақытта жеткізу қызметін де іске қосуды жоспарлап отырмын»,-дейді тігінші.
 

Loading...