Түлкібастық әжелер түрленген Түркістанды аралады

19 Шілде, 2021 43 0

Аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен демеушілер есебінен аудандық әжелер алқасының мүшелеріне Түркістан облысының киелі жерлеріне саяхат ұйымдастырылды. 

Ақ жаулықты әжелеріміз саяхат барысында Түлкібас пен Түркістан аралығындағы киелі орындарға зиарат етіп, жаңадан жаңғырған Түркістан қаласының бүгінгі көрінісін тамашалады.  Әжелеріміз игі іске мұрындық болған аудан әкімдігінің басшылығы мен демеушілік жасаған жандарға алғыстарын айтып, баталарын берді. 

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 



Пікір қалдыру