Түркістан: сыбайластықтың алдын алу шаралары күшейтілді

20 Шілде, 2021 51 0

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті Превенция басқармасының басшысы Ғабит Жүндібаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысын баспасөз жиынында жариялады.    

«Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында облыс көлемінде жыл басынан бері 850 мыңға жуық адамды қамтыған  1587 түрлі бағытта іс - шаралар өтті.  Негізінен, бұл шаралар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен іске асырылған Жобалар шеңберінде өткізіліп келеді», - деп атап өтті Ғабит Өмірәліұлы.  
 
Брифинг барысында сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуге және оның алдын алу тиімділігін арттыруға бағытталған тың бастамалар Департаменттің жанынан құрылған «Түркістан – адалдық алаңы»  жобалық кеңсесінің негізінде іске асып, қазіргі таңда киелі өңірде ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ететін бірқатар жобалар жүйелі жұмыс жасап жатқандығы айтылды.   

Сонымен қатар, бүгінгі күні ел аумағында енгізілген карантин режиміне қарамастан, Агенттіктің бастамасымен қолға алынған "Antikor.Live" жобасы аясында жыл басынан бері өткізілген 446 тікелей эфир 287 мыңнан аса қаралымды және тегін ақпараттық, құқықтық кеңес беретін "Адал көмек" жобасы аясында өткізілген 582 тікелей эфир  351 мыңнан аса қаралымды жинап, бұл аталмыш қос жоба арқылы  облысқа қарасты барлық қала/аудан тұрғындары әр күн сайын онлайн форматта ақпарат алуға және түйткілді сауалдары бойынша сала маманынан нақты жауап алуға мүмкіндік алып отырғандығы атап өтілді.  

Сондай-ақ, баспасөз жиынында соңғы 6 айдан бері өңір тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында 9 ауылдық округте (Ордабасы ауданы Шұбарсу а/о, Шардара ауданы Алатау Батыр а/о, Сайрам ауданы Қарабұлақ а/о, Қазығұрт ауданы Жаңа базар а/о, Бәйдібек ауданы Боралдай а/о, Арыс қаласы Монтайтас, Жиделі а/о және Мақтарал ауданы Атакент кенті) «Сервистік әкімдік» ашылып, тұрғындар үшін қызмет көрсетіп жатқандығы жеткізілді.
 
Брифинг барысында «Protecting business and investments» жобасы аясында жалпы соммасы 665 млрд. 564 млн. 492 мың. 274 теңгені құрайтын 69 ірі инвесторлар мен кәсіпкерлер департамент тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алынғаны және кәсіптік субъект өкілдерінен 70 шағым мен өтініштер түсіп, олардың барлығының нақты шешімі табылып, заңды құқықтары қалпына келтірілгені айтылды.

Тегтер: новости

Пікір қалдыру