Түркістан: Арыста ауқымды мал бордақылау алаңы ашылады

21 Шілде, 2021 45 0

Арыс қаласында «Жаңбырлатып суару және мал бордақылау алаңы» жобасының құрылысы басталады, деп хабарлайды Turkistanmedia.kz.

 Арыс қаласында «Түркістан Агро KZ» ЖШС-ң биыл «Жаңбырлатып суару және мал бордақылау алаңы» жобасының құрылысы басталады. 2000 га жерге жаңбырлатып суару әдісі жобасының биыл 500 гектары іске қосылмақ. Алдағы жылы 10 мың басқа арналған мал бордақылау алаңын іске қосу жоспарлануда. Кешен толық іске қосылғанда 200 адамды жұмыспен қамтылатын болады. Жобаның жалпы құны 8,5 млрд теңге. Бұл туралы брифингте Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова мәлімдеді. 

Сондай-ақ, биыл Арыста «Индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы аясында «Тансари Трединг» ЖШС-ң «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өнеркәсіптік қайта өңдеу зауыты және азық-түлік тауарларын сақтайтын қойма» жобасының құрылысы басталады. Жоба құны – 2 млрд 120 млн теңге. Жылдық қуаттылығы 12 мың тонна өнім өндіру. Кешен толық іске қосылғанда 150 адамды жұмыспен қамтымақ. 

Сонымен қатар, өңірде жүзеге асар жобалардың бірі «Қамқор-Қазақстан» ЖШС-ң - «Құрама жем шығаратын зауыт құрылысы». Жылдық қуаттылығы – 15 мың тонна өнім. Жалпы құны 1 млрд 700 млн теңге. Онда 20 адам жұмыс істейтін болады. Келесі бір ауқымды жобалардың бірі – Р.Кенжебаев ЖК-ң 5 гектар көкөніс жылыжайы. Онда маусым кезінде 60 адам жұмыспен қамтылмақ. Құны 500 млн теңге. Кешеннің құрылысы 2021 жылы басталса, келесі жылы іске қосылатын болады.



Пікір қалдыру