Бұл туралы брифингте Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Жандос Күлдербаев мәлімдеді, деп хабарлайды turkistanmedia.kz
«Бүгінде көктемгі әскерге шақыру жұмыстары басталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Биыл жалпы өңірден 2 400-ге жуық азамат әскерге шақырту алады. Оның ішінде Қарулы күштер қызметіне - 1 000, шекара қызметіне - 400-ге жуық, Ұлттық ұлан қатарына – 900, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Мемлекеттік күзет қызметі қатарына - 100-ге жуық азаматты шақырту жоспарланған. Наурыз айынан бастап 18 жасқа толған азаматтар тұрғылықты жері бойынша медициналық комиссиядан, психологиялық тесттен өтеді. Осы ретте әскерге шақырылған азамат өзінің денсаулығы, білімі және психологиялық жағдайына байланысты әскери құрылымдарға бекітіледі», - деді Жандос Тынымбекұлы.
Спикердің сөзінше, әскерге шақырылған азаматтардың құжаттары қарулы күштердің электронды базасына енгізіледі. Тіркеу барысында азаматтарды әскери есепке алу, олардың саны мен әскери қызметке жарамдылық санаты айқындалады.
Айта кетсек, өткен жылы облыстан қарулы күштер мен әскери құралымдарға 4 000-нан астам азамат жіберілген. Сондай-ақ, өткен жылғы көктемгі және күзгі әскерге шақыру жоспары 100 пайыз орындалған.