Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жақсара түсті

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 192,5 млрд. теңгеге жеткен

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысының биылғы қаңтар-ақпан айларының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері келесідей қалыптасты, деп хабарлайды turkistanmedia.kz

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 192,5 млрд. теңгеге жетіп, өсім өткен жылдың сәйкес кезеңіне 103,9% құрады (ҚР – 104,6%, 12 орын).

Өңдеу өнеркәсібінде 80,5 млрд. теңгеге өнім өндірілді, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,6%-ды құрады. Ауыл шаруашылығында 82,6 млрд. теңгеге өнім жиналып, өсім 102,9% деңгейінде болды. Мал шаруашылығы – 68,5 млрд. теңге, егін шаруашылығы – 13,1 млрд. теңге.

Облыс экономикасына жалпы 75,1 млрд. теңге инвестиция бағытталып, өсім 153,8%-ды құрады (ҚР – 107,9% ). Оның ішінде жеке инвестиция көлемі 59,7 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,3 есеге өсті.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 16,2 млрд. теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстыранда 100,8%-ды құрады (ҚР – 112,7%). Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 85,9 мың шаршы метрге жетіп, өсім 108,9% болды.

 

Loading...