Арыстық жастар мен ауыл тұрғындары «Киелі мекен» апталығы аясында қаладағы тарихи-мәдени ескерткіштер аумағына тазалық шараларын жүргізуде, деп хабарлайды turkistanmedia.kz, Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасай отырып.
Игі шарада «Мұңлық-Зарлық» кесенесінің аймағы мен «Қызыл көпір» ескерткішінің маңы күл-қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ, кесенелердің айналасында жер қопсыту жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, Арыс қаласында мемлекет қорғауына алынған 90 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Оның ішінде «Мұңлық-Зарлық» кесенесі - жыр кейіпкерлері Мұңлық пен Зарлықтың жерленген жері болып есептеледі. Одан бөлек, «Қызыл көпір» тарихи ескерткіші - ХІХ ғасырдан бері сақталып келе жатқан көне мұра.