"Киелі мекен:" Сарыағашта ұлы тұлғалардың ескерткіштеріне тазалық жұмыстары жүргізілді

Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа арналған ескерткіштерге тазалық жұмыстары жүргізілуде

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сарыағаш ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бастау алған «Киелі мекен» апталығы жалғасын тауып жатыр. Көктерек ауылдық округі, Көктерек кентіндегі шипажайлар аумағында орналасқан халқымыздың ұлы тұлғалары Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа арналған және өзге де ескерткіштерге тазалық жұмыстары жүргізіліп, ретке келтірілді, деп хабарлайды turkistanmedia.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне жасай отырып.

Тазалық акциясы аясында тұрғындар өз елді мекендерінде әктеу-сырлау, абаттандыру жұмыстарын қарқынды жүргізуде. 

 

Loading...