АРЫС: 60 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ТОЛЫҚ ҚАЙТА ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

05 Тамыз, 2019 26 0

Арыс қаласының жалпы ұзындығы 272,3 шақырымды құрайтын көшеге зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, 17 сектордың 13-де төтенше жағдайлар салдарынан қала ішіндегі 67 көшенің жамылғысында ақаулар орын алғандығы анықталған. Қала көшелеріндегі ақауларды жою бойынша атқарылатын іс-шаралар аясында жалпы ұзындығы 60 шақырымға жуық 67 көшені заманауи талаптарғасәйкестендіру мақсатында, келесідей жұмыстар атқарылатын болады: 46,7 шақырым аяқ жол; 68,6 шақырым жолға 2 234 дана жарық шамдарын орнату; 7 шақырым велосипед жолы; 41 м3 суағар; жалпы аумағы 9 522 м2 көшенің жиектерін жөндеу.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған 13 аймақ бойынша 67 көшенің бүгінгі таңда 40 көшесінде жұмыстар жүргізілуде.

Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан 40 көшені қалпына келтіру жұмыстарына 60-қа жуық арнайы техникалар мен 110-нан аса жұмысшы тартылған.

Арыс қаласының көшелерін қалпына келтіру бойынша ағымдағы жылдың 3 тамыз күнгі жағдай бойынша келесідей жұмыстар атқарылуда: 4 көшеде асфальт салу жұмыстары аяқталды; 19 көшеде жолдың негізіне құмды-шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде; 15 көшеде аяқжол салу жұмыстары жүруде; 2 көшеде жарықтандыру бағаналарын орнататын ұңғымалар қазылып, бетон құю жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың тамыз айында толық аяқтау жоспарланған.

Пікір қалдыру