ТҮРКІСТАН: БИЫЛ 23 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

06 Тамыз, 2019 6 0

Түркістан облысында 2019-2024 жылдар аралығында55 мыңнан астам балаға арналаған 184 мектеп салынады.Қазіргі уақытта 20 мың орындық 68 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілсе, 37 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Тағы 16 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Сондай-ақ қалған 63 мектепте тиісті жұмыстар жүруде.

Биылғы жылдың соңына дейін 23 мектеп пайдалануға берледі деп жоспарланып отыр. Нәтижесінде, апатты деп танылған 3 мектептің және үш ауысымды 2 мектептің мәселесі шешіледі.

Айта кетейік, 68 мектептің 27-сы жаңа құрылыс, 41-і 2017-2018 жылдардан өтпелі.

Пікір қалдыру