Түркістандық спортшы Әлем чемпионатында күміс медальға ие болды

13 Қыркүйек, 2021 27 0

Белбеу күресінен күміс медальға ие болған кентаулық спортшыны облыс басшылары мен жерлестері күтіп алды, деп хабарлайды Turkistanmedia.kz. тілшісі.

 Ресей Федерациясының Қазан қаласында белбеу күресінен жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өткен болатын. Аталған чемпионатқа әлемнің кіл мықты балуандары бас қосып, шаршы алаңда сынға түсті. 

Шаршы алаңда сынға түскен кетаулық Ақбота Қыдырәлі барлық сыннан сүрінбей өтіп, күміс медальға ие болды. Ал, жерлестері балуан қызды Түркістан қаласындағы теміржол вакзалынан күтіп алды. Бұл іс-шараға арнайы облыс әкімі Ө.Шөкеев, Түркістан қаласының әкімі Н.Тұрашбеков және Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысы А.Өміртай қатысты. Түркістан облысының абыройын асқақтатқан спортшыларға ел ағалары алғыс білдіріп, сый құрмет көрсетті.

 Күтіп алу барысында Ақботаның ата-анасы, бауырлары, жақындары және бапкерлері келіп құттықтып жылы лебіздерін білдірді. Ақбота, алдағы уақыттағы сынға бұданда жоғары деңгейде дайындықтың керектігін айтып, алтын алатынына уәде етті.
 

Пікір қалдыру