Түлкібаста балық шаруашылығы қарқынды дамуда

14 Қыркүйек, 2021 40 0

Түркістан облысы Түлкібас ауданында үш шаруа қожалық балық шаруашылығы кәсібін қолға алып, жасанды тоғандарға алғашқы шабақтарын жібере бастады. Машат ауылдық округіндегі «Жеті үй» шаруақожалығында 15 мың дана сазан, дөнмаңдай, ақ амур балық шабақтары өсірілуде, Turkistanmedia.kz. тілшісі.

Кәсіпкер Қайырғали Тайболовтың айтуынша, өткен жылы аудан әкімдігінің қолдауымен үйіргелік жерін рәсімдеп, жасанды тоған салған. Биылдың көктемінде қосымша 3 мың дана аталған балық түрлерінің шабақтары жіберілген.

Айта кетейік, балық шаруашылығымен айналысатын шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау көп. Мәселен, балыққа берілетін жемнің 50 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланады.


 

Пікір қалдыру