Бәйдібекте отбасы күніне қарсы іс – шара өтті

14 Қыркүйек, 2021 28 0

 Аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Тау шыңы” демалыс аймағында көп балалы және жас отбасылармен кездесу өтіп, тұрлі тақырыпта іс-шаралар өтті .Атап айтқанда “Бақыт бұл …” , “Менің отбасым тақырыбында асфальтта балалар суреттерінің байқауы өтті. “Отбасы шабыт көзі” атты кітап көрмесі және отбасыларға немесе туғандарға тиесілі және ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде берілетін құжаттардың, заттардың “Баға жетпес жәдігерлер” атты көрмелер ұйымдастырылды, деп хабарлайды Turkistanmedia.kz.тілшісі.

Кездесу барысында “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы Асқар Кенехан шараға қатысушыларға алғыс хаттар табыс етіп, бүлдіршіндерге тәтті сыйлықтар таратты.Ауданымыздың бірқатар ауылдық округінен қатысқан отбасылар орталық басшысы мен қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

 

Пікір қалдыру