Ордабасы ауданында қысқы мал азығы дайын

14 Қыркүйек, 2021 25 0

Түркістан облысы, Ордабасы ауданының шаруалары алдағы қыста жем-шөптен таршылық көрмейді, деп хабарлайды Turkistanmedia.kz.тілшісі.

Ордабасы ауданы әкімдігі фермерлер одағымен екі жақты ынтымақтастық меморандумға қол қойды. Биыл облыс аумағында жауын-шашын мөлшерінің жылдағыдан аз болуы салдарынан құрғақшылық белең алғаны белгілі. Соның салдарынан мал азығының тапшылығы байқалған болатын. 

Жем-шөп қорын көбейтіп, аудандағы ірі кәсіпорындарды мал және құс азығымен қамтамасыз ету үшін кәсіпорын басшылары мен аудан шаруалары атынан меморандум түзілді. Осы құжат негізінде Бадам ауыл округінде орналасқан «Жақсылық» шаруа қожалығы 200 гектар жүгері және 100 гектар алқапқа егілген жоңышқа дақылдарын «Бөрте-Милка» тауарлы сүт фермасына өткізуде. 

Аталған шаруашылық жалпы 25 ауыл тұрғынын маусымдық жұмыспен қамтып отыр. Сондай-ақ, егістік алқапты игеруде заманауи 32 бірлік (4 техника биыл сатып алынған) ауыл шаруашылығы техникаларын жұмылдыруда.

 Қазіргі таңда Ордабасы ауданында жалпы 300 мың тоннаға жуық мал азығы жиналған. Алда бұл мақсаттағы жұмыстар әлі де жалғасын таппақ. Осылайша қыста ірі кәсіпорындар мен шаруашылықтар жем-шөптен таршылық көрмейтін болады.

 

Пікір қалдыру