Мобильді топтар 200 мыңнан астам нысанды тексерген

14 Қыркүйек, 2021 31 0

Түркістан облысында мобильді топтармен мониторинг жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Turkistanmedia.kz.тілшісі. 

Түркістан облысында карантин режимі талаптарының орындалуын бақылау бойынша мобильді топтармен мониторинг жұмыстары жалғасуда. Жыл басында жасақталған 131 мобильді топ 212 350 нысанды аралаған. МТ және аумақтық Полиция басқармалары қызметкерлері тарапынан түскен баянаттары негізінде объектілерге және жеке тұлғаларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 4 208 хаттама толтырылды. Оның 95,6% жеке тұлғаға, қалғаны жеке кәсіпкерге, заңды тұлғаға. Жалпы айыппұл сомасы 239 322 565 теңгені құрады. 

Айта кетейік, облыс бойынша коронавирустық инфекциямен аурушаңдық соңғы екі аптада 1,5 есе, пневмония 2 есеге дейін төмендеген. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, бұл жағдай өңірдің барлық аудандарында байқалады.

 

Пікір қалдыру