Төлеби ауданында саябақтар салынып жатыр

14 Қыркүйек, 2021 28 0

Төлеби ауданында көпшілікке арналған демалыс орындары көбейіп келеді, деп хабарлайды Turkistanmedia.kz. тілшісі.

Төлеби ауданы Жоғарғы Ақсу ауылдық округі құрамында екі елді мекен бар. Мәдени және Сарқырма ауылдары. Ауданнан шалғай аймақта орналасқанына қарамастан бүгінде инфарқұрылымдық жүйелері шешімін тапқан, табиғи газы пайдалануға берілген, электр желілері мен бағаналары жаңартылып, жолдары асфальттанған ауылдар қатарында. 

Мәдени ауылында «Жастар саябағы», «Ардагерлер саябағы» көпшіліктің демалыс орнына айналса, Сарқырама елді мекеніндегі Д.Қонаев көшесінің бойындағы Ш.Төлтебаев атындағы саябақтың құрылысы аяқталуға жақын. Демалыс аймағының құрылыс жұмысын жеке кәсіпкер Сарқырама елді мекенінің тумасы Төлтебаев Мұрат Шерімұлы жүргізуде. Жоба құны 700 млн теңге. Саябақтың жер көлемі 1.5 га. Ауыл тұрғындарының демалыс орнына айналғалы тұрған саябақта аллеялар, фонтан, түнгі жарық, үлкендер мен кішкентайларға арналған бассейндер, ашық аспан аясындағы мейрамханалар, жазға орындықтар және күн сәулесінен қорғайтын төбесі жабық скамейкалар бар. Сондай-ақ, саябақ аумағында қырым ағаштары, көлеңке түсіретін тал – теректер, көздің жауын алатын әсем гүлдер отырғызылған.
 

Пікір қалдыру