Әкімдіктің дербес бөлімдері бір ғимаратқа орналасады

14 Қыркүйек, 2021 25 0

Келес ауданында жаңадан әкімдік ғимараты салынып жатыр, деп хабарлайды Turkistanmedia.kz.тілшісі.

 Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев аудан орталығында құрылысы жүріп жатқан әкімдіктің дербес бөлімдері орналасатын ғимаратты көріп. Ондағы мақсат – құрылыс барысын бақылап, жұмыс сапасына баға беру. Аралау барысында мердігер мекеменің басшысымен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстарда қолданылатын құрылыс материалдарының сапалы болуына көңіл бөлуді тапсырды.

Жалпы, биыл аудан орталығы ерекше келбетке бөленбек. Бұл бағытта аудан басшысы бірқатар жобаларды қолға алып, бүгінде жүзеге асыруда. Солардың бірі – әкімдік орналастын ғимараттар. Халықты әуре-сарсаңға салмай, «бір терезе қағидасын» қолдау мақсатында аудан әкімдігінің барлық дербес бөлімдері мен Абай ауылы әкімі аппаратын бір ғимаратқа орналастыру бойынша жүзеге асып жатқан жұмыстар ел үшін тиімді болмақ. 

Еске сала кетейік, ғимарат құрылысы ағымдағы жылдың мамыр айында басталған болатын. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары аяқталуы қарсаңында тұр. Құрылысты «Радуга С-Н» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Мердігер компания өкілдеріне аудан әкімі құрылыс жұмыстары жобалық-сметалық құжатқа сай жасалынып, уақтылы әрі сапалы жүргізілу керектігін ескертті. Аталмыш жұмысты бақылап қайтқан аудан басшысы құрылысты уақытылы аяқтау керектігін атап өтіп, Абай ауылының әкімі Е.Абдирахмановқа жұмыстың сапалы әрі тиянақты орындалуын сәт сайын қадағалап тұруды жүктеді.

 

Пікір қалдыру