Түркістан облысында пневмонияға шылдыққандар саны 1,8 есе азайған

21 Қыркүйек, 2021 29 0

Түркістан облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақты, деп хабарлайды Turkistanmedia.kz. тілшісі.

 Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соңғы екі аптада аурушаңдық деңгейі 1,5 есеге, пневмонияға шылдыққандар саны 1,8 есеге төмендеген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрбек Нышанов мәлімдеді. 

«Облыста коронавирусқа қарсы екпе жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда вакцинаның I компонентінің 858 630 данасы, II компоненттен 813 470 дозасы жеткізілді. Екпе егу бойынша аймақ халқының 89,2 пайызы I компонентін, 70,5 пайызы II компонентті салдырған. Сондай-ақ, мобильдік топтар арқылы жыл басынан 845 тыйым салынған отбасылық шаралар анықталып, 57 нысанның ісі сотқа жолданды»,- деді Нұрбек Садықбекұлы. 

Түркістан облысында 15-қыркүйектен бастап тұмауға қарсы дайындық жұмыстары жүргізілуде. Облыстың бас дәрігері Марат Пашимовтың айтуынша, тұрғындарды тұмауға қарсы иммундау мақсатында ресейлік препарат «ГРИППОЛ+» вакцинасының 312 500 дозасы жеткізілді. Аталған вакцина облыс тұрғындарының 15,4 пайызын қамтиды. Қазіргі таңда тұмауға қарсы екпені 17705 адам салдырған.

 Айта кетейік, өңірде 8667 нысан «Ashyq» бағдарламасын қолдануда. Қосымша 8687 кәсіпкер бағдарламаға қатысуға өтініш берген. Бағдарлама арқылы «қызыл» статусты 147 азамат анықталып, 30 АЕК көлемінде айыппұл салынған.

 

Пікір қалдыру