Түркістандықтар Павлодарға жол тартты

21 Қыркүйек, 2021 85 0

Сарыағаштық тұрғындар Павлодарға жолға шықты, деп хабарлайды Turkistanmedia.kz. тілшісі.

 Бүгін Сарыағаш ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен, «Ұлы көш» қоғамының төрағасы Ж.Ағабековтың қолдауымен көшуге ниетті азаматтарға Павлодар өңірін көзбен көріп, толыққанды танысу мақсатында тегін автобус ұйымдастырылды. Арнайы іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Б.Полатов, аудандық мәслихаттың хатшысы С.Тасқұлов және «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаев қатысты. 

Аудан әкімінің орынбасары Б.Полатов сапарға шыққан жерлестерімізге ақ жол тілеп, жаңа мекенге барып, жаңа өмір бастауға, Қазақстанды өркендетуге ауданның әрбір тұрғынының мүмкіндігі бар екенін айтып өтті. 

Айта кетейік, бұған дейін сарыағаштық 4 отбасы Солтүстік өңірлерге көшуге ниет білдіріп, Павлодар облысын таңдаған.

 

Пікір қалдыру