Келестегі ауылдар ауызсумен қамтылып жатыр

13 Қазан, 2021 11 0

Келес ауданындағы шалғай ауылдар ауыз сумен қамтылуда, деп хабарлайды деп хабарлайды turkistanmedia.kz. тілшісі.

Келес ауданының көлемінде, оның ішінде, ауылдық eлді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау бойынша соңғы жылдары бірқатар ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, Біртілек ауылдық округінің 5 елді мекеніне ауызсу тарту жұмысы жүргізілуде. Соның бірі – Көлтоған ауылына бүгін ауызсу берілді. Жалпы 2019 жылы құрылысы басталған нысан 300 отбасыны ауызсумен қамтуға жоспарланған. Құрылысты жүргізген мердігер мекеме –«Строй Жол Сервис» ЖШС. Ондағы қызметкерлер өз міндеттерін межелі уақытта аяқтауды басты назарға алған.

 Айта кетейік, Келес ауданы бойынша бүгінгі таңда 15 елді мекенде ауызсумен қамту жұмыстары атқарылуда. Олардың арасында аудан орталығынан шалғай орналасқан Бозай және Жамбыл ауылдық округінің елді мекендері де бар. Басым бөлігі биыл жыл соңына дейін қолданысқа берілсе, бірқатар нысандар келер жылы ел игілігіне тапсырылатын болады.

Пікір қалдыру