Жолдауды қолдауға орай брифинг өтті

13 Қазан, 2021 13 0

Түркістанда «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - елдің өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында арнайы брифинг өтті, деп хабарлайды turkistanmedia.kz. тілшісі.

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - елдің өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында арнайы брифинг өтті. Оған Түркістан облысы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Инара Намазбаева, Республикалық «Айқын» газетінің Түркістан облысы бойынша меншікті тілшісі Тельман Бейсен қатысты.

«Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 1 жұлдызында ел Президентінің «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланғаны белгілі. Жолдау барысында ел өркендеуінің негізіне алғышарт боларлық бағыт бойынша басты 7 мәселеге тоқталды. Сонымен қатар, Президент Жолдауда ел дамуына қажетті 5 бастамасын да айтып өтті», - деді Тельман Әбдібекұлы.

Сондай-ақ, брифингте Түркістан облысы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Инара Намазбаева Жолдаудағы бастамаларға тоқталды.

«Мемлекет басшысы Жолдаудың негізгі басымдықтарын айқындап, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру – өзінің Президент ретіндегі басты мақсаты екенін атап өтті. Бұл мақсатқа жету үшін 5 негізгі бастама айтылды. Біріншіден, 2022 жылдың 1-қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін көбейту. Екіншіден, соңғы жылда кәсіпорын иелерінің табысынан 60 пайызға артта қалып келген еңбекақы қорын көтеру. Үшіншіден, микро және шағын кәсіпкерліктің еңбекақы төлеу қорынан алынатын төлем көлемін 34 пайыздан 25 пайызға дейін төмендету. Төртіншіден, 2022 жылдан 2025 жылға дейін мәдениет қызметкерлерінің, мұрағатшылардың, кітапханашылардың, техникалық қызметкерлердің, қорықшылардың, көлік жүргізушілердің және басқалардың жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіру. Бесіншіден, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев зейнетақы қорындағы жинақтың алуға болатын бөлігін (Отбасы банктегі) есеп-шотқа аударып, сол арқылы баспана сатып алуға рұқсат беру», - деді Инара Әбдіғаппарқызы.


Пікір қалдыру