Ордабасылық кәсіпкерлер арқылы тартылған инвестиция 2,3 есеге көбейген

13 Қазан, 2021 25 0

Ордабасы ауданының кәсіпкерлерімен тартылған инвестиция көлемі 2,3 есеге артты, деп хабарлайды turkistanmedia.kz тілшісі.

Биылғы қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Ордабасы ауданының кәсіпкерлерімен өз кәсібін дамытуға және қаражат айналымын ұлғайтуға шағын несие ұйымдары арқылы 5857 адам 7 млрд. 358, 5 млн. теңге несие алынған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,3 есеге немесе 4 млрд. 280,5 млн. теңгеге артық.

Атап айтсақ, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС арқылы 98 адамға 503, 8 млн.тг, «КазМикроФинанс» (КМФ) Темірлан арқылы 3533 адамға 2 012, 9 млн. тг, «КазМикроФинанс» (КМФ) Төрткүл арқылы 1844 адамға 1 329, 2 млн. тг, «Арнур кередит» несие ұйымы арқылы 298 адамға 689,0 млн.тг, «АгроНесие Ордабасы» ЖШС – гі арқылы 24 адамға 117,0 млн.тг, «Төрткүл несие» ШНҰ арқылы 17 адамға184,0 млн.тг, «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 32 адамға 148, 1 млн. тг несие беріліп, "Аграрлық кредиттік корпорациясы" АҚ арқылы 11 жобаға 2374, 1 млн. тг. несие мақұлданған.

Тартылған несие көктемгі дала жұмыстарына, егін егуге, мал шаруашылығын дамытуға, жылыжай құрылысына, сауда айналымына, ауыл шаруашылық техникаларын, тұтыну тауарларын сатып алуға және кіші кәсіпкерлік кәсібін жаңадан бастауға бағытталған.

Пікір қалдыру