Түркістан соңғы үш жылда қалай өзгерді?

20 Қазан, 2021 51 0

Осыдан үш жыл бұрын жаңа Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың арнайы кешенді жоспары әзірленіп, Үкіметпен бекітілген болатын. Аталған кешенді жоспарға облыс үшін маңызды іс-шаралар енгізілген-тін. 

Қазіргі таңда кешенді жоспар аясында Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани-мәдени орталығы ретінде дамыту жұмыстары қызу түрде  атқарылуда. 

Соңғы 3 жылда атқарылған ауқымды жұмыстардың арқасында Түркістан қаласын дамытудың 1-кезеңі аяқталып, негізгі әлеуметтік инфрақұрылымы қаланып үлгерді. 

Жалпы 445 млрд. теңгеге жаңа 257 нысанның құрылысы жүргізіліп, оның ішінде 230 млрд.теңгесі жеке инвестициялар есебінен игерілуде. 

Бүгінгі таңда 123 нысанның құрылысы толығымен  аяқталған.  Атап айтсаұ, жаңадан халықаралық әуежай, әкімшілік-іскерлік және мәдени-рухани орталықтары салынып, Б.Саттарханов даңғылы қайта жаңартылды. Сонымен қатар,  арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар құрылды. "Түркістан қаласы толық газдандырылып, 13 мың гектарға жасыл белдеу құрылды. Жасыл белдеу аймағына  3,5 млн. ағаш көшеттері  отырғызылды",- дейді қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков. 

Соңғы 8 айда  Түркістанға келуші туристер саны еселеп артқанын байқауға болады. Мамандардың мәліметінше, аптасына Түркістанға келуші туристердің саны 200 мыңнан асып жығылуда екен. 

Түркістан обоысының 3 жылда жалпы өңірлік өнім көлемі 41 пайызға артып, 2,4 трлн.теңгеге жеткен. Өнеркәсіп өнім көлемі 18 пайызға, ауыл шаруашылығы 34 пайызға, инвестиция 2,4 есеге артқан. Осы жылдар аралығында  өңірде 735,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға тапсырылып, 90 пайызға  жеткен. 

Облыстық бюджеттің көлемі 2 есеге ұлғайып, 1,1 трлн. теңгені құрап отыр. 

Короновирус індетіне байланысты шектеулерге қарамастан ағымдағы жылдың 8 айында облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің оң өсімі сақталған. 

Жалпы өңірлік өнім көлемі 552,1 млрд.теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 103,9 пайызды  құраған. Жыл қорытындысымен 2,6 трлн.теңгеге жеткізу жоспарлануда.

                                                                                                                                                                                 Ақжол Қараспан

Пікір қалдыру