Түркістан облысында ауыл шаруашылығы негізгі бес бағытта дамытылуда

30 Қараша, 2021 782 0

Еліміздің  Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын, тиісінше кем дегенде 2,5 есеге арттыру» жөніндегі Үкіметке алдына қойған міндеті аясында  облыс әкімдігімен қабылданған шаралардың арқасында Түркістан өңірінде ауыл шаруашылығы өндірісі тұрақты даму үстінде. Бүгінгі таңда      Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешені жалпы өңірлік өнімнің 20 пайызын құрайтын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі драйверіне айналып отыр. Ауыл шаруашылығы саласында негізінен еңбек өнімділігін еселеп арттыру мақсатында 3 бағытқа  басымдылық берілген. 

Бірінші бағыт - агроқұрылымдарды кооперативтерге біріктіре отырып, өндіріске заманауи озық технологияларды енгізу. Соның бірі - Түркістан қаласы айналасында азық-түлік белдеуін құру жобасы шеңберінде 11 мың гектарға өнімділігі жоғары жаңбырлатып суғару технологиясын ендіру жұмыстары жүргізілуде.  Бүгінгі таңға 163 агроқұрылымдарды біріктіретін 2 кооператив құру есебінен 2 мың гектарға 47 бірлік жаңбырлатып және барабанды суару қондырғылары орнатылған.


Технологияның тиімділігі сол дақыл түріне қарай ағын су шығынын азайтумен қатар, өнімділікті 2-3 есеге арттырады. Жыл соңына дейін технология қосымша 1  мың гектарға енгізіледі деп күтілуде.


«Түркістан Агро ХХІ» ЖШС-гі 1 113 гектар аумақта бірінші өнімге жоңышқа, жүгері, күздік бидай екінші өнімге сүрлемдік жүгері егіп, еңбек өнімділігін артыруда.  Алынатын жем шөп қоры серіктестіктің құны 6 млрд. теңгені құрайтын итальяндық технологиялық «1 200 басқа арналған тауарлы-сүт фермасы» инвестициялық жобасы қамтамасыз етеді.


Жалпы Түркістан облысында азық-түлік белдеуі аясында құны 118,2 млрд. теңгені құрайтын 5 серпінді инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Соның бірі -  «Түркістан Агро ХХІ» ЖШС-нің  «1 200 басқа арналған заманауи тауарлы-сүт фермасы құру» жобасы. Оның құны  6 млрд. теңгені құрайды.  

Ал екіншісі,  «Turkistan Fruit» АШӨК-нің «922 гектарға жаңбырлатып суару технологиясын қолдана отырып, мал азықтық дақылдардар өсіру» жобасын айта аламыз.  Аталған жобаның жалпы  құны 1,6 млрд. теңге.

Үшінші жоба - «Органик Агрофуд» 100 гектар заманауи жылыжай кешенін салу жобасы. Мұның  құны 107,5 млрд. теңгеге пара-пар.

Төртінші жоба  -  құны 1,4 млрд. теңгелік  «Органик Агрофуд» 150 гектар өрік отырғызу жобасы. 

Бесінші жоба - құны 1,7 млрд. теңгелік  «Түркістан Агро ХХІ» ЖШС-нің гектарға жаңбырлатып суару технологиясын қолдана отырып, мал азықтық дақылдардар өсіру» жобасы.  Оның ішінде «TURKISTAN FRUIT» ЖШС-нің құны 3,5 млрд.теңгені  құрайтын «400 гектарға қара өрік отырғызу» жобасы облыста алғашқы рет жүзеге асырылды.   Түркия елінен 220 мың дана 7  түрлі қара өрік көшеттері алынып, отырғызылған. Өнімділігі гектарына 40-50 тоннаны құрайды деп күтілуде.

Жобаның артықшылығы,  қара өрік өнімі алынғанға дейін, екінші өнімге 150 гектар бақша дақылдары егіліп, 4  мың тонна өнім жиналған.  Серіктестік 2022 жылы сыйымдылығы 40  мың тонналық жеміс-көкөніс сақтау қоймасын жүзеге асыра отырып, көтерме-тарату орталығы желісін құруды жоспарлап отыр.

Екінші бағыт – «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасын ендіру.  Бұл жобаны 2019 жылдан бастап өңірде кеңінен ендіру қолға алынған.  1 гектардан  2 - 2,5 есеге артық өнім алынуда.  Ағымдағы жылы 8,9 мың гектарға 2878 жоба жүзеге асырылды. 230,0 мың тонна  көкөніс өнімі жиналды.  (1-ші өнім 164,0 мың тн., 2-ші өнім 60,3 мың тн.).

Үшінші бағыт - мемлекет басшысының жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану тапсырмасына орай үй іргелік жерлерде жаңа әдіспен ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілуде.

«Бұл жоба аз қамтамасыз етілген отбасыларды жұмыспен қамтуда, әлеуметтік жағдайларын жақсартуға мүмкіндік берді. 10 соттық үйіргелік жерлерді тамшылатып суғару технологиясымен игере отырып, әр отбасы 1  млн теңгеден астам қосымша табыс табуда.  Ағымдағы жылы 525 жоба жүзеге асырылып, «Еңбек» бағдарламасымен жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мемлекеттік гранты есебінен 162 жобаға қолдау көрсетілген. Ауыл шаруашылығы дақылдары 842,4 мың гектарға орналастырылды» , - дейді Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов.

Егістікті әртараптандырудың нәтижесінде көкөніс, бақша, картоп өнімдерінің түсімділігі орташа 20 центнерге артып, өнім өткен жылдан  500  мың тоннаға артып, рекордтық көрсеткіш 3,3 млн. тонна өнім жиналған.  

Дәндік жүгерінің түсімділгі 11,6 центнерге артып,  өнім өткен жылдан  60  мың тоннаға артып,  305  мың тонна өнім жиналыпты.


Өңірде қазіргі таңда 280 мың тонна шитті мақта жиналыпты. 18 мақта өңдеу зауыттары арқылы ақ алтынның  тоннасы 300 мың тенгеден қабылдануда.  

 Сондай-ақ, Түркістан облысында жаңадан 90 гектарға жылыжай салынып, оның жалпы көлемі 1425 гектарды құраған. Яғни еліміздегі жылыжайдың 71 пайызы біздің өңірде орналасқан.  


Бұдан бөлек,   780 гектарға қарқынды баулар отырғызылып, жалпы көлемі 3 824 гектарға жеткен.  Дәстүрлі баулардан гектарына 7-8 тонна өнім алынса, қарқынды баулар өнімділігі гектарына 30-40 тоннаны құрап отыр.

Агротехнологиялық іс-шараларды тиімді жүргізу үшін 50 пайыз жеңілдікпен 72  мың тонна (500 түрлі) минералды тыңайтқыштар және көктемгі және күзгі дала жұмыстарына арзандатылған бағамен 81  мың тонна жанар-жағар май тауар өндірушілерге босатылған.  Сондай-ақ, 1200 бірлік жаңа ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынып, техника паркін жаңалау 6 пайызға жақсарған.

                                                                                                             Ақжол Қараспан

 

Пікір қалдыру