ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

26 Тамыз, 2019 14 0

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы Отырар ауданының әкімі болып ЖҮНІСОВ Әбдіғали Айтжанұлы тағайындалды.

Әбдіғали Айтжанұлы 1959 жылы 15 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм (қазіргі Отырар) ауданы Шәуілдір ауылында туған, білімі жоғары, біліктілігі «Орман және парк шаруашылығының инженері» және «Ауылшаруашылығының инженер-механигі».
Еңбек жолын 1976 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм ауданы тұтынушылар одағы құрылыс бригадасының сыршы-сылақшысы болып бастаған.
1977 – 2005 жылдары аралығында Қызылқұм ауданы «Госкомсельхозтехника» МТЖ базасының жұмысшысы, инженер-технологы, аудандық комсомол комитетінің сектор меңгерушісі, облыстық Тұтынушылар одағының Қызылқұм автокөлік кәсіпорнының директоры, «Оңтүстік орманы» ЖШС Отырар ауданындағы филиалының директоры қызметтерін атқарған.
2005 - 2014 жылдары Отырар ауданы Шілік ауыл округінің әкімі, Ақтөбе ауыл округінің әкімі, Отырар ауданы әкімінің кеңесшісі, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы, аудандық жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы лауазымдарды атқарған.
2014 жылдың қараша айынан бастап Түркістан облысы Отырар ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек етіп келді.

Пікір қалдыру