Түркістан еліміздің нағыз рухани орталығына айналып келеді

04 Қараша, 2021 168 0

Елбасының Жарлығымен осыдан 3 бұрын құрылған Түркістан облысында мәдениет және руханият саласында ауыз толтырып айтарлықтай оңды істер жүзеге асырылуда. Бүгінде облыс орталығы – Түркістан қаласы  еліміздің нағыз мәдени, рухани ордасына айналып келеді.  Биылғы жылы Түркістан қаласында «Ұлы Дала Елі» орталығы, Түркістан музыкалық драма театры, облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы  ел игілігіне берілді.     Бүгінгі таңда Түркістан облысында 679 мәдениет және өнер мекемесі халыққа қалтқысыз қызмет көрсетуде. Оның iшiнде 392 кiтапхана, 249  клуб, 24 музей, 3 кәсіби театр, 2 орталық, 1 облыстық филармония, 1 көркемсурет галереясы, 1 «Оңтүстікфильм» мекемесі

1 «Конгресс Холл» көпсалалы кешені, 5 саябақ жұмыс істейді.


«Биылғы жылы облысымызда ел  Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бірқатар маңызды іс-шаралар кең көлемде аталып өтуде. Атап айтсақ, Арыс қаласында «Балдәурен-2021» облыстық балаларға арналған ән байқауы, Отырар ауданында «Омартасы рухтың - Отырарым» облыстық жас ақындар айтысы,  Түлкібас ауданында «Жырым саған туған ел» облыстық жас ақындар мүшәйрасы, Келес ауданында «Күлкі жәрмеңкесі», облыстық әзілкештер байқауы,   Созақ ауданында «Күй құдіреті» жас күйшілердің байқауы мен ұлттық аспаптардың көрмесі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, аталып өтілді. Сондай-ақ, Қазығұрт ауданында «Мәдениеті ауылдың» ақпараттық-танымдық бағдарламасының түсірілім жұмыстары жүргізілді», - дейді Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев.


 Түркістан қаласындағы этноауылда Ұлы Наурыз мерекесіне орай  «Наурыз Фест» іс-шарасы Түркістанның символына айналған тайқазанда сыйымдылығы 2 тонна наурыз көже пісіріліп,  КинЭС қазақстандық рекордтар кітабына енгізілді. Бұдан бөлек, ұлттық дәстүр мен құндылықтары  насихаттаушыларының  «Ұлттық мұра жаршысы» өнер фестивалі өткізілді.


 Карантиндік шараларды сақтай отырып, облыс аумағында жыл басынан бері  13 645 мәдени іс-шара өткізілген. Оның 4-і  халықаралық, 3-і  республикалық, 17-сі  облыстық, 13 621-і  аудан, қалалық деңгейде аталып өтілген.  


Облыстағы 24 музейде 3 572 экскурсия, 451 көрме, 352 көпшілік іс-шара ұйымдастырылған.  Бүгінде 4 мыңдай жаңа экспонат жинақталып, жалпы қор 178 280 данаға жетіп отыр.


 Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толуына орай «Түрленген, гүлденген - Түркістан» республикалық ақындар айтысы өтті. Бұл іс-шара облыс әкімінің қолдауымен ҚР Халық ақыны, «Парасат», «Достық» ордендері мен Жамбыл атындағы сыйлықтың иегері  Әселхан Қалыбекованың айтыс әлеміндегі шоқтығы биік өнерін дәріптеуге арналды. Бас жүлдеге – шетелдік су жаңа жеңіл авто көлігі тігіліп, жеңімпазға тарту етілген.


«Биылғы жылы Түркістан қаласында ғылыми-әмбебап «Farab» кітапханасы пайдалануға берілген болатын. Алдағы уақытта кітапхана базасында ежелгі түркі тарихы мен қолжазбаларын зерттеуге мүмкіндік беретін арнайы мамандарды даярлайтын оқу орнын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз», - дейді Әзімхан Серікұлы.


Облыстық филармонияда жыл басынан бері  47 концерт және мәдени іс-шаралар өткізіліп, 11 260 көрермен қамтылды. Елдегі пандемия жағдайына байланысты 50 концерт онлайн іс-шаралар беріліп, әлеуметтік желілерде 31 410 қаралым жиналды.


Биыл Түркістан қаласындағы  «Әль- Фараби» кітапханасының концерт залында Өзбекәлі Жәнібектің 90 жылдығына арналған «Тайқазан» ұлттық киімдер байқауының мерекелік концерті, Бекзат Сакенұлының шығармашылығына арналған концерт, «Керуен сарай» көп функционалды туристик кешенінде мерекелік іс-шаралар мен қайырымдылық концерттері ұйымдастырылды.


Бұдан бөлек,  филармония залында «Күзгі әуен»,  «Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің  «Кино әуен» атты концерттері өтті. Сонымен қатар,  «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде 29 мәдени іс-шара онлайн-офлайн форматта өткізіліп, оған 9543 көрермен қатысты.


Қазан айында санитарлық тәртіпті сақтай отырып, «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде «Шаншар» әзіл – ысқақ театрының мерейтойлық  2 концерті өтті.  Сондай-ақ,  фольклорлы – этнографиялық «Тұран» тобы оркестрінің симфониялық концерті мен  Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық байқауы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының онкологтары мен кардиологтарының ХIII – ші сьезі өткізілген. 

                                                                                                                  Ақжол Қараспан

Пікір қалдыру