ДЕРТКЕ ДАУА ІЗДЕСЕҢІЗ «SAIRAM TERMAL RESORT» ШИПАЖАЙЫНА КЕЛІҢІЗ

22 Желтоқсан, 2021 567 0

Сайрам ауданы - тарих пен киеге бай өлке. Сондай-ақ, шипалы орындарға да кенде емес. Соның бірі – ашылғанына небәрі 3 жыл енді ғана толса да, емі мен қызмет сапасы және суы арқылы танылған - «Sairam Termal Resort» шипажайы. 

«Sairam Termal Resort» сауықтыру орталығы – коронавируспен ауырып, емделген адамдардың денсаулығын қайта қалпына келтіру үшін таптырмайтын орын. Сонымен қатар, ауырмау үшін иммунитет қалыптастыруға да жайлы мекен. 

Шипажай Шымкент қаласынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан. 2 га аумақты алатын шипажай 250 адамға лайықталған. Сауықтыру орталығында 40-қа жуық ем түрі бар. Соның ішінде облысымызда сұранысқа ие лазермен қанды тазалау, құрғақ көміртегі ваннасы, су асты омыртқаны созу аппараты процедураларын атап айтуға болады. Сондай-ақ, ең басты ем көзі 1 280 метр тереңдіктен шығатын шипалы минералды су.

Бүгінгі күнге дейін демалыс аумағында еліміздің түкпір-түкпірінен 7500-ден аса адам ем алса, оның  5 пайызы шетелдік азаматтар.  Байланыс телефоны: 87074707333.

Пікір қалдыру