ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

06 Қыркүйек, 2019 59 0

Түркістан облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып Мира Сүлейменова тағайындалды. Сүлейменова Мира Пернебекқызы 1978 жылы 5 шілдеде Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. 

Шымкент қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп - гимназияның үздік түлегі. 
Білімі - жоғары. 1999 жылы Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін үздік бітірген. 
Еңбек жолын 1999 жылы "Юмакс радиосында" журналист болып бастап, жаңалықтар қызметінің бас редакторы қызметін атқарған. 
2002 - 2013 жылдар аралығында "31 арнаның" ОҚО бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған. 
"31 - Шымкент" телеарнасының жаңалықтар қызметінің бас редакторы болған. 
2017 жылдан бері Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз хатшысы қызметін атқарып келген.

Пікір қалдыру