ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 7 АЙДА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР ТАПСЫРЫЛҒАН

11 Қыркүйек, 2019 8 0

Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша Түркістан облысында жалпы саны 2950 пәтер тапсырылған. Оның ішінде: 7,7 мың шаршы метрлік 136 пәтер - қызметтік тұрғын үй,  60 000 шаршы метрлік 881 пәтер - арендалық тұрғын үй, 268,7мың шаршы метрлік 1933 пәтер - жеке тұрғын үй құрылысы. 


2019 жылы Түркістан облысы үшін тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспары 550,6 мың шаршы метр, ал құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 102% болып белгіленген. 


Сондай-ақ, Түркістан облысында биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша 231 мың шаршы метрді құрайтын 3 413 пәтерлі 64 тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Нәтижесінде, ағымдағы жыл соңына дейін 177,6 мың шаршы метрлік 2 613 пәтерлі 50 тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарлануда.


Пікір қалдыру