2023 жылдың 1 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-шы бабына сәйкес VIII шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады, деп хабарлайды Turkistanmedia.kz.
Отандық өнім өндірушілерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету, сатып алу үрдісін оңтайландырып "баға емес, сапа" қағидатына басымдық беру, агроғылым жетістіктерін пайдалану арқылы, ауылшаруашылық өндірісін дамыту, ауыл шаруашылығы техникасын жыл сайын оның 8-10 пайызын жаңартып отыру, Қазақстанды IT мемлекетке айналдыру, туризмді дамыту және жұмыстың ашық болуын, арыз-шағымдарды қараудың жаңа тәсілін қолдану және қоғамдық мониторинг институтын енгізу арқылы қамтамасыз ету керектігі жайлы айтылды.
Мемлекет басшысы, Жолдаудың мақсаты - халықтың әл ауқатын арттыру, экономиканың қарқынды өсуін қамтамасыз ету, заңның үстемдігін жүзеге асыру-деді.
Құрметті көпшілік!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын, бір кісідей қолдап, жүзеге асуына әрбіріміз өз үлесімізді қосайық.
Шардара аудандық Аналар кеңесінің және "Мейірім" ҚБ төрайымы.
Ұлдықыз ЖӘЛЕЛҚЫЗЫ.