Түлкібас ауданындағы «Машат Арасан» лагерінде өткен жарыстың алғашқы күнінде жас сарбаздар пневматикалық қарудан ату, жалпы әскери қорғаныс жинағын кию және «АК-74» автоматын шашып-құрастырудан сынға түсті. Ал екінші күні сарбаздар садақ атып, арқан тартып сайысты, деп хабарлайды Turkistanmedia.kz.
Жалпы жарысқа облыстың 17 аудан-қаласынан 200-ге жуық жас сарбаз қатысты. 10-11 сынып арасында өткен әскери-патриоттық спорттық сайысқа қатысушылар білім дәрежесі мен дене дайындығына байланысты іріктелініп алынған. Ереже бойынша әр командада 5 ұл мен 4 қыз өз өңірінің намысын қорғайды.
Жарыс соңында барлық командаларға ынталандыру сыйлығы табысталды. Ал үздіктер көшін Арыс қаласының жас сарбаздары бастаса, кентаулық өрендер І орынды емденді. ІІ орынға Түлкібас ауданы жайғасып, үздік үштікті Мақтарал ауданының сарбаздары қорытындылады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі