Еңбекқор Түркістандықтардың мақтасы Еуропаға экспортталады

Енді Түркістанның мақтасы Еуропаға эспортталады

Ғаламтор желісінен

Мақтаарал индустриалды аймағындағы «ZHANASSYL» зауыты мақта жинау науқанын бастады. Кәсіпорын биыл мақта қабылдау көлемін 30 мың тоннаға жеткізуді жоспарлаған. Осы мақсатта, Мақтаарал, Жетісай аудандарында 12 мақта қабылдау бекеті жұмыс істеп тұр,- деп хабарлайды Turkistanmedia.kz порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Әр мақта қабылдау пунктіне 200-ге жуық шаруа қожалық тартылған. Жалпы 2400 шаруа қожалық мақта теріміне атсалысуда. Қазіргі уақытта кәсіпорын мақтаның бір келісін 250 теңгеден қабылдап жатыр. Шаруалардан мақта терімі аяқталған соң, кәсіпорын зауыт ішінде мақтаны өңдеу процесін жүргізетін болады. Таза мақтадан мақта талшықтары дайындалып, Қытай Халық Республикасы мен Еуропа елдеріне экспортталмақ.

Айта кетерлігі, «ZHANASSYL» мақта өңдеу зауыты 2022 жылы жұмысын бастаған. Бүгінде 200 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Зауыт күніне 600 тонна таза мақтаны өңдеп шығарады. Одан күніне 180 тонна мақта талшығы өңделеді. Жылына шамамен 65 мың тонна мақта талшығы шығарылады.

Loading...