Келестік шаруа күніне 3 мың дана бөдене жұмыртқасын саудалауда

Келес ауданына қарасты Біртілек ауылдық округі аумағындағы «Asyl qus» шаруа қожалығы 3 мыңнан аса бөдене құсын өсіріп отыр.

Ғаламтор желісінен

Түркістан облысына қарасты Келес ауданы 3 мыңнан аса бөдене құсын өсіріп отыр,- деп хабарлайды Turkistanmedia.kz порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жоба 2022 жылы толық іске қосылған. Жалпы құны 16 млн теңгені құрайды. Кәсіпкер бүгінде жұмыртқамен қатар бөдене етін де экспортқа шығарып үлгерген.

- Бұл жобамыз отбасылық кәсіпке айналды. Бұған дейін бірнеше кәсіптерді қолға алып көрдік. Дегенмен, осы кәсіп арқылы табысқа кенеліп отырмыз. Бөденені бастапқыда сатып алсақ, бүгінде өзіміз өндіріп көбейтіп жатырмыз. Күніне 3 мыңға жуық бөдене жұмыртқасын еліміздің ірі қалалары мен облыс аумағындағы аудан-қалаларға жібереміз. Бұдан бөлек, бөдене етін де сатылымға шығардық. Сұраныс жоғары. Үйренем деушілерге арнайы курстар ұйымдастырып, кәсіптің қыр-сырымен таныстырамыз, - дейді «Asyl qus» бөдене құс шаруашылығының директоры Диана Есенова.

Айта кету керек, кәсіпкер 9 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жұмысшылар мемлекеттік бағдарлама аясында жергілікті тұрғындар арасынан алынған. Қожалық иесі алдағы уақытта кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Loading...