2010 жылдан бері күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жұмыссыз жастарға тигізген пайдасы орасан,- деп хабарлайды Turkistanmedia.kz порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Түркістан облысында аталған бағдарламамен қазіргі таңға дейін 13 182 маманға 2 млрд 563,4 миллион теңге көлемінде көтерме жәрдемақы берілген. Сондай-ақ, 4 032 маман 13 млрд 742,5 миллион теңгеге тұрғын үйлі болған.
Бағдарлама биыл да өз жұмысын тоқтатқан жоқ. 2023 жылғы жоспарға сәйкес, 1 537 маманға 530,6 миллион теңге көлемінде қаржы үлестіру көзделген. Биылғы жылдың 9 айында 383 маманға 132,1 миллион теңге берілген. Сонымен қатар, жыл басынан бері 391 маман бюджеттік несиемен баспаналы болған.