Түркістан облысы Қазығұрт индустриалды аймағында тәулігіне 3000-4500 литр алкогольсіз, табиғи шырынды сусын өндіреледі,- деп хабарлайды Turkistanmedia.kz порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінде алма, жүзім, алма және алмұрт, алма және сәбіз, сондай-ақ қызанақ дәмі бар шырындар дайындалады. «Delis» атауымен шығатын шырындар еліміздің бірнеше қаласына, атап айтқанда Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Қызылорда, Өскемен қалаларына жөнелтіліп жатыр.