Сайрамда сауықтыру туризмі дамып, адамдар жұмыс табуда

Сайрамдағы Манкент шипажайы жылына 15 мыңнан астам адамды қабылдайды

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сайрам өңірі өзінің тарихи маңыздылығымен қатар, емдік-сауықтыру орталықтарымен де танымал.  Соның бірі - Манкент санаториясы. Онда елімізден ғана емес, алыс-жақын шет елдерден де ем алушылар көп келеді. Орталық мамандарының мәліметінше, 420 адамға арналған шипажайға жылына 15 мыңнан астам адам келіп ем алады,- деп хабарлайды Turkistanmedia.kz порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ 2020 жылы іргетасы қаланған «Sairam Thermal Resort» шипажайы бүгінде 50 адам тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Шипажай жылына 3 000 адам қабылдайды. Онда ем-домға қажетті барлық шаралар мен аппараттармен қамтылған.

Loading...