Түркістандық пара спортшылар Азия ойындарында 4 медаль олжалады

Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия Параойындары өтті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Айтулы бәсекеге Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Түркістан облысының 5 спортшысы қатысып, еліміздің қоржынына 3 күміс, 1 қола медаль салды, деп хабарлайды Turkistanmedia.kz.


Бүгін жүлдегерлерді туған елде қарсы алу салтанатты шарасы өтті. Еліміздің ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен Түркістан облысының 4 бірдей су спортының шеберлері елге оралды. Олардың қатарында параканоэшілер Бибарыс Спатай, Жалғас Тайкенов, Жаңыл Балтабаева және пара-академиялық есуші Темірхан Дайырбек сынды дарынды спортшылар бар. Қос күмісті ел қоржынына салған Бибарыс Спатайдың мерейі үстем болды. Ол параканоэден VL3 200 метр бағдарламасы бойынша және KL2 200 метр жекелей бағдарламасында екі күміс медальға ие болды.
Ал параканоэден Жалғас Тайкенов KL3 бағдарламасы бойынша 200 метр қашықтыққа мәреге екінші болып жетіп, күміс алқаны мойнына ілді.


Еліміздің намысын қорғаған параканоэші Жаңыл Балтабаева VL3 200 жекелей бағдарламасында қола медальді қанағат етті.
Осындай жетістікпен келген жерлестерімізді Түркістан облысының спорт саласының мамандары және облыстық су спорт түрлері мектебінің ұжымы мен туған-туыстары зор құрметпен күтіп алып, құрмет көрсетті. 


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Loading...